Жаңалықтар

Алматыда тұрғындардың өтінішімен жаяу жүргіншілер өткелі салынды

Алматыда тұрғындардың өтінішімен жаяу жүргіншілер өткелі салынды
Фото: Алматы қаласының әкімдігі 16.10.2023 21:04 660

Алматыда оқушылар мен жақын маңдағы шағын аудан тұрғындарының қауіпсіздігі үшін Рысқұлов даңғылында, «Парасат» тұрғын үй кешенінің жанында жер үсті жаяу жүргіншілер өткелі салынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Рысқұлов даңғылы мен Сазановская көшелерінің қиылында ортасында бөлу жолағы бар 3 жолақты көлік құралдарының қозғалысы ұйымдастырылған. Бұған дейін бұл жол қозғалысы ережесін бұзып, жолды кесіп өткен жаяу жүргіншілерге айтарлықтай қауіп төндірген.

Халықтың іргелес аумаққа көптеп қоныстануына байланысты осы жол телімінде қауіпсіз өтудің қажеттілігі туындады. Алматы әкімі Ерболат Досаевпен кездесуде тұрғындар осы ауданда жер үсті өткелін орнатуды сұраған.

Қысқа мерзімде жаяу жүргіншілер көпірін салу жобасы әзірленді, ол 2023 жылдың 2 тоқсанында басталып, қыркүйекте аяқталды.Оқушылар мен жақын маңдағы шағын аудан тұрғындарының қауіпсіздігі үшін Рысқұлов даңғылында, «Парасат» тұрғын үй кешенінің жанында жер үсті жаяу жүргіншілер өткелі салынды.

Рысқұлов даңғылы мен Сазановская көшелерінің қиылында ортасында бөлу жолағы бар 3 жолақты көлік құралдарының қозғалысы ұйымдастырылған. Бұған дейін бұл жол қозғалысы ережесін бұзып, жолды кесіп өткен жаяу жүргіншілерге айтарлықтай қауіп төндірген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға