Жаңалықтар

Алматыда төрт турист тауға шығып, жоғалып кеткен

Алматыда төрт турист тауға шығып, жоғалып кеткен
Фото: El.kz 05.06.2023 21:19 935

Алматыда құтқарушылар адасып кеткен төрт туристке үйлеріне оралуға көмектесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ таратқан мәліметке сәйкес, туристер табылған кезде медициналық көмекке мұқтаж болмаған.

4 маусым сағат 19:05-те ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының кезекші-диспетчерлік бөліміне, Медеу ауданындағы тауларда төрт турист жоғалып кетті деген хабарлама келіп түсті. Туристер Көк-Жайлау-Күмбел шыңы бағытымен жүріп, кері қайтар жолда Горельник шатқалына қарай шығып, жолда адасып кеткен. Туристтер телефонмен байланыста болып, геолокациялық деректерін жібере алды. Сағат 20:00-де 6 адамнан тұратын жедел топ, оның ішінде бір кинологиялық есептоп Горельник шатқалына туристерді іздеуге шықты. 22:55-те ТЖМ құтқарушылары зардап шеккендерді тауып алды, - делінген ведомство таратқан хабарламада.

Құтқарушылар серуендеу ережелерін ескертті. Тауға шықпас бұрын бағытты мұқият тексеріп, жалғыз жүрмеуге, жолдастарыңызды таныс емес ортада жалғыз тастамауға кеңес береді.   

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға