Жаңалықтар

Алматыда төрт онлайн казино жабылды

Алматыда төрт онлайн казино жабылды
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney 26.07.2024 12:09 335

Алматыда заңсыз ойын бизнесі бойынша 5 қылмыстық іс тіркелді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің тергеу басқармасы басшысы Сәкен Қондыбаев мәлім етті. Спикер Экономикалық тергеу департаментінің басым міндеттерінің бірі заңсыз ойын бизнесімен күрес екенін атап өтті.  

Заңның 11-бабына сәйкес казино мен ойын автоматтарының залдарын Алматы облысында (Қапшағай) және Ақмола облысында (Щучье ауданы) орналастыруға болады. Басқа жерлерде ашу заңсыз деп танылады. Мәселен, заңсыз жұмыс істеген 4 онлайн казино мен бір ойын залы жабылды. Былтыр заңсыз құмар ойын ұйымдастыру ісі бойынша 14 факті анықталды. Ұйымдастырушылар қылмыстық жауапкершілікке тартылды, - деді спикер.

Сонымен қатар, ол сала мамандары қазір Мемлекет басшысы қол қойған жаңа заң аясында жұмыстар жүргізіп жатқанын жеткізді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға