©Pixabay.com

Алматыда төрт көше жабылады

Алматының Бостандық ауданында құбырларды ауыстыру жұмыстарына байланысты бірқатар көшеде көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Шектеулер Мыңбаев көшесінде және оған іргелес қиылыстарда енгізіледі.

22 тамыз күні сағат 23:00-ден 23 тамыз сағат 06:00-ге дейін Әуэзов көшесі мен Мыңбаев көшесінің, сондай-ақ Жароков көшесі мен Мыңбаев көшесінің қиылыстарында қозғалыс тоқтатылады.

23-24 тамыз күндері сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін Гагарин даңғылы мен Мыңбаев көшесінің қиылысы жабылады.

25 тамыз сағат 09:00-ден 26 тамыз сағат 06:00-ге дейін Розыбакиев көшесі мен Мыңбаев көшесінің қиылысында қозғалыс шектеледі.

25-28 тамыз аралығында Абай даңғылы мен Сәтпаев көшесінің арасындағы Тұрғұт Өзал көшесінде көлік қозғалысы толықтай тоқтатылады.