Жаңалықтар

Алматыда терроризмді насихаттаған 2 шетелдік ұсталды

Алматыда терроризмді насихаттаған 2 шетелдік ұсталды
Фото: ҰҚК 29.05.2024 09:38 314

28 мамырда ҰҚК прокуратураның үйлестіруі және Алматы қаласы полициясының көмегімен терроризмді насихаттады деген күдікпен 2 шетелдік азаматты ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тергеу мәліметі бойынша олар бұрын ұзақ уақыт шетелде өмір сүріп, радикалды діни идеологияға тартылған. Қазақстанға ағымдағы жылы келген, тұрақты жұмыстары болмаған. Қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға