Алматыда тепловоз жолаушылар автобусын соқты: зардап шеккендер бар
26.11.2024 14:37
Фото:
t.me/almaty_my
Алматыда тепловоз бен жолаушылар автобусы соқтығысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға Әуезов көшесінде, Голольмен қиылысқа жақын жерде болған. Қазір сол көше уақытша жабылды деген ақпарат бар.
Жергілікті полиция мәліметінше, оқиға 11:40-та болған.
Жеке тасымалдаушыға тиесілі №88 автобус Әуезов көшесінен солтүстік бағытта келе жатып, теміржолмен батысқа қарай бағыт алған тепловозбен соқтығысты, - делінген мәліметте.
Алматы қалалық Полиция департаментінің дерегінше, алты адам жарақат алған. Оларға медициналық көмек көрсетілген.
Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

