Алматыда Тәжікстан Республикасының мәдениет күндері қалай өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматылықтарды Тәжікстан мәдениетімен жақынырақ танысуға шақырып отыр. Абай алаңында 26-28 тамыз аралығында Тәжікстанның ауыл шаруашылығы өнімдері мен өнеркәсіп тауарларының көрмесі басталды.
Республика сарайының алдына 25 сауда нүктесі орнатылды. Шатырларда халық шығармашылығы тауарлары мен ауыл шаруашылығы өнімдерін, оның ішінде кептірілген жемістерді, көкөністерді, қауындар мен қарбыздарды, балды сатып алуға ниет білдіргендердің барлығы қол жеткізе алады.
Көрші елден барлығы 200 тоннадан астам өнім әкелінді. Естеріңізге сала кетейік, мәдени-ойын-сауық іс-шаралары қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының қолдауымен өткізіледі.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

