Жаңалықтар

Алматыда тауда адасып кеткен туристер құтқарылды

Алматыда тауда адасып кеткен туристер құтқарылды
Фото: Алматы қаласының әкімдігі 03.04.2023 18:01 1153

Үш адамнан тұратын топ Ескі жапон жолының маңында адасып кетіп, 9 сағаттан бойы байланысқа шықпаған. Бұл туралы 1 сәуірде сағат 21:00-де туристердің бірінің анасы мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Құтқарушылар зардап шеккендерді Аюсай шатқалындағы 2200 м биіктіктегі бірінші сарқырама жақтан тапты. Топқа жету үшін 20-30 минут уақыт кетті. Сөйтсе, жоғалғандар үш емес, бес адам екен. Бесеуі де жол бойында күткен ата-аналары жеткізілді. Ешқайсысына медициналық көмек қажет болмады. Сол күні сағат 19:55-те құтқарушылар тағы бір іздеу-құтқару операциясын сәтті аяқтады. Көмек сұраған турист қар көшкінінен қорқып, қалып қойған. Құтқарушылар 3 адамнан тұратын топты Букреев шыңынан Бутаков шатқалындағы автотұраққа аман-есе жеткізді, - делінген ақпаратта.

Алматы қаласының Құтқару қызметі тауда қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады. Жаяу серуендеу кезінде ауа-райының жағдайын, көшкін қаупінің деңгейін және физикалық мүмкіндіктеріңізді ескеріңіз. Қажет болса, дереу «109» нөміріне қоңырау шалыңыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға