Жаңалықтар

Алматыда тау бөктеріндегі ірі заңсыз нысан сүрілді

Алматыда тау бөктеріндегі ірі заңсыз нысан сүрілді
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі 12.11.2024 23:41 337

Алматының тау бөктерінде ірі заңсыз нысан сүріліп жатыр. «Қорғаушы-Защитник» бау-бақша серіктестігінде (уч. 62/4 (98)) салынып жатқан үш қабатты ғимарат рұқсат құжаттарынсыз бой көтерген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қала құрылысы бақылау басқармасының мәліметінше, жобалық-сметалық құжаттамасыз, авторлық және техникалық қадағалаусыз, сондай-ақ құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы хабарламасыз бір учаскеде үш қабатты және бір қабатты күрделі құрылыстар тұрғызылған. Нысан сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірлескен жұмыс барысында анықталып отыр. 

Шілде айында басқарма жер учаскесінің иесіне (жеке тұлғаға) заңсыз құрылысты бұзып, жер телімін бастапқы қалпына келтіру туралы бұзушылықтарды жою жөнінде нұсқама берді. Нұсқама талаптарын орындау мақсатында нысанның иесі ғимаратты өз еркімен бұза бастады.

Еске сала кетейік, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың құрылысқа бақылауды күшейту туралы тапсырмасы аясында өткен жылдың басынан бері 52 заңсыз нысан толық немесе жартылай сүрілді, оның ішінде «Мечта», KHAN, «Алма Гарден» тұрғын үй кешендері және басқа да нысандар бар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға