Алматыда тау бөктеріндегі алапат өрт сөндіріліп жатыр
25.07.2025 22:10
Фото:
© Pixabay.com
Алматы қаласының Медеу ауданындағы Кенсай-1 аумағында тау бөктерінде өрт шықты. Өрттің жалпы ауданы шамамен 15 гектарды құрайды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Оқиға орнында жеке құрамнан 50-ге жуық қызметкер және 20-дан астам техника, соның ішінде жергілікті атқарушы органдардан су тасымалдайтын машиналар жұмылдырылған.
ТЖМ мәліметінше, таулы жер бедері, тік жартастар және өрт сөндіру техникасы үшін жол қатынасының шектеулі болуы өртті сөндіру жұмыстарын қиындатуда. Жұмыстар қолда бар құралдар мен аспалы өрт сөндіргіштерді қолдана отырып жүргізілуде. Тұрғын үйлерге қауіп жоқ.
Өртті оқшаулау үшін барлық шаралар қолданылып жатыр. Сәрсенбаев көшесіндегі жеке секторға өрттің таралу қаупі жойылды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

