Алматыда тау бөктерінде қураған шөп отқа оранды
08.05.2023 12:17
Фото:
Өрт туралы бейнежазбаның скриншоты
Алматыда Медеу ауданында қураған шөп өртеніп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Тілсіз жаудың тұтануы туралы бейнежазба әлеуметтік желіде кеңінен таралған. Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Кіші Алматы орманшылығы 33-аумағында қураған шөп жанып жатқанын мәлімдеді.
Оқиға орнында «Іле-Алатау» МҰТП қызметкерлерінен 27 адам және Төтенше жағдайлар департаментінен 22 маман, сондай-ақ 5 техника жұмылдырылды», - деп хабарлады қалалық ТЖД баспасөз қызметінен.
Төтенше жағдайды ретке келтіру үшін қазіргі уақытта Медеу тауындағы өртті сөндіруге «Қазавиақұтқару» ұшағы шыққаны белгілі болды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

