Алматыда ARO лақап атымен танымал әнші Арман Сейтжапбар 15 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматы полиция департаментінің мәліметінше, 2 желтоқсан күні сағат 21:57-де Шаляпин көшесінде патрульдік полиция қызметкерлері "Тойота" автокөлігін тоқтатқан. Медициналық сараптама нәтижесінде көлік жүргізушісі есірткі қолданып, масаң күйде болғаны анықталған.
Тергеу барысында "Тойота" автокөлігінің иесі Арман Сейтжапбар өз көлігін есірткі шегіп, мас болған адамға тапсырғаны белгілі болған.
Сот шешімімен екі азамат та қамауға алынды. Сондай-ақ, жүргізуші 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды, - деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

