Алматыда «Талақ» көркем фильмінің жабық көрсетілімі өтті
Фото: t.me/madenietaqparat
Фото: t.me/madenietaqparat
10.09.2024 18:32
461
Алматыда жазушы Бейімбет Майлиннің әңгімелер желісімен түсірілген «Талақ» көркем фильмінің жабық көрсетілімі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Режиссер Данияр Саламаттың туындысы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің және Ұлттық кино орталығының қолдауымен түсірілген. Фильм 12 қыркүйектен бастап ел кинотеатрларына жол тартпақ.
XX ғасырдың 20-30 жылдарын суреттейтін туындыға ұжымдастырудың салдары, сол замандағы халықтың тұрмыс-тіршілігі мен әйелдің ауыр тағдыры арқау болған.
Айта кетейік, биыл фильм 26-шы Шанхай халықаралық кинофестивалінде (SIFF) «Алтын кубок» жүлдесін жеңіп алды. Осы кинода басты рөлді сомдаған Амира Омарова үздік актриса деп танылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жетісу облысында 3 жасар бала үш күннен бері табылмай жатыр
Келесі жаңалық
Қарағанды облысында екі балықшы жоғалып кеткен