Жаңалықтар

Алматыда тағы бір тұрғын үй кешені сүріліп жатыр

Алматыда тағы бір тұрғын үй кешені сүріліп жатыр
Фото: instagram.com/akimat_almaty 13.12.2024 00:15 93

Алматыда Қарағайлы шағын ауданында орналасқан «Француз үйі» заңсыз тұрғын үй кешенін сүру басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, құрылыс салушы нысанды қажетті рұқсаттарсыз салған. Компанияда СТЖ, эскизді келісу, құрылыс жұмыстарының басталғаны туралы хабарлама және сараптама болмаған.

Әкімшілік шаралар қабылданып, сотқа талап арыз берілгеннен кейін сүру туралы шешім бірінші сатылы сотында қанағаттандырылып, бұл шешімді қалалық сот өзгеріссіз қалдырды. 2024 жылы 30 қаңтарда атқару парағы Әділет департаментіне жолданып, бүгін сот орындаушыларының қатысуымен сүру жұмыстары басталды,-деп жазылға әкімдік ақпаратында.

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасына сәйкес, өткен жылдың басынан бері 55 заңсыз нысан сүрілді. Оның ішінде «Мечта», KHAN, «Алма Гарден» тұрғын үй кешендері бар. Бұл шаралар қаланың қауіпсіздігін, құрылыстың сапасы мен заңдылығын қамтамасыз етуге бағытталған.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ALMATY ÁKIMDIGI (@akimat_almaty)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға