Алматыда тағы бір көшеде көлік қозғалысы шектеледі
23.06.2023 15:11
Фото:
©El.kz/Александр ПАВСКИЙ
Алматы қаласында Черепанов көшесі бойынша жол жүру қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
«26-30 маусым аралығында Алматы қаласының Әуезов ауданында Черепанов көшесінің бойы Сүлейменов көшесінен Пришвин көшесіне дейін екі бағытта да көлік қозғалысы шектеледі»,- деп хабарлады «Алматы жылу желілері» ЖШС-нен.
Уақытша шектеулер мұндағы көлік жүретін жолдың астынан өтетін магистральды құбырды жоспарлы жөндеуге байланысты енгізіліп отыр.
Компания келтірілген қолайсыздық үшін алматылықтардан кешірім сұрайды.
Сонымен қатар, жүргізушілерге жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауға кеңес береді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

