Жаңалықтар

Алматыда тағы бір Антикордың жалған қызметкері ұсталды

Бұл туралы Антикор мәлім етті
Алматыда тағы бір Антикордың жалған қызметкері ұсталды
Фото: Антикор 21.01.2023 12:36 1522

19 қаңтарда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен 1983 жылы туған азамат Қоржыбаев Қанат (бұрыңғы тегі Құралұлы) әшкереленді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Ол өзін Антикордың қызметкері ретінде таныстырып жалпы қамқорлық көрсеткені үшін Алматы облысы кәсіпорындарының бірінің басшысына тиесілі 1 млн теңге сомасында ақшалай қаражатты алаяқтық жолмен иемденді.

Жеке тінту барысында 2014 жылы таратылған қаржы полициясының қызметкерінің жеке куәлігі тәркіленді.
Қолда бар мәліметтерге сәйкес, Құржыбаев бұрын да осындай қылмыстар жасаған болуы мүмкін.

Оның заңсыз істері туралы ақпарат болған жағдайда 1424 Антикордың Call-орталығына хабарласуыңызды сұраймыз.

Тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға