Жаңалықтар

Алматыда тәртіп сақшылар алаяқтарды іздестіріп жатыр

Портал мәліметінше, алаяқтар Алматы қаласының тұрғынын алдап, қаржысын жымқырған. 
Алматыда тәртіп сақшылар алаяқтарды іздестіріп жатыр
Фото: regtv.kz 24.09.2022 17:08 1000

Алматы тәртіп сақшылары бейнекамераға түсіп қалған алаяқтарды іздестіріп жатыр, деп жазады El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Портал мәліметінше, алаяқтар Алматы қаласының тұрғынын алдап, қаржысын жымқырған. Әйелдің ұялы телефонына қоңырау шалған ер адам өзін банк қызметкерімін деп таныстырады. Одан кейін депозиттік шоттан жеке шотқа ақша аударуға өтініш білдірдіңіз бе деп сұраған. 

“Сонымен қатар, қаскөй әйел адамды егер кодты айтатын болса, кибершабуылдардан қорғайтын арнайы қорғанысты коятынына сендірді. Өзін алдап тұрғанынан күдіктенбеген әйел күдіктілердің талаптарын орындаған, ал, бірнеше күннен кейін алаяқтардың құрбаны болғанын түсінді. Ал банкте 5 мың доллардан астам қаражаттың шоттан шешілгенін айтты, – деді Алматы қалалық ПД Анықтау басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға