Алматыда суға батқан баланы құтқарғандар марапатталды
Фото: ҚР ТЖМ
Фото: ҚР ТЖМ
21.02.2024 08:07
753
Суға батқан баланы құтқарғаны үшін ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері марапатталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР ТЖМ мәліметінше, 2024 жылғы 18 ақпанда Алматыда болған баланың өмірін судан құтқару кезінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін ҚР МКҚ қызметкері «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалімен лейтенант Абиров Серік марапатталды.
Подполковник Қасенов Талғат, сондай-ақ майор Ілияс Серік «ҚР ТЖМ Алғыс хатымен» марапатталды.
Естеріңізге сала кетейік, 18 ақпанда сағат 17:00 шамасында қоғамдық бассейн аумағында МКҚ қызметкерлері алғашқы көмек көрсетіп, бассейнге батып кете жаздаған баланы реанимациялап, есін жиғызды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға