Жаңалықтар

Алматыда судья пара алды деген күдікке ілінді

Алматыда судья пара алды деген күдікке ілінді
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 30.10.2024 17:40 476

Алматыда әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған соттың судьясы сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Желіде 22 қазанда Алматыда әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған соттың судьясы пара алып жатқан жерінен ұсталғаны туралы ақпарат пайда болған еді.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті судьяның пара алды және алаяқтық жасады деген күдікке ілінгенін хабарлады.

Сұрауда көрсетілген адамға қатысты ҰҚК ҚР Қылмыстық кодексінің 366 ("Пара алу") және 190 ("Алаяқтық") баптары бойынша соталды тергеу жүргізіп жатқанын хабарлаймыз, - деп жауап берді ҰҚК.

Басқа ақпарат жариялауға жатпайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға