Жаңалықтар

Алматыда студенттік жатақханалар құрылысының жобалық кеңсесі ашылды

Мұндай кеңсе Астана, Ақтөбе мен Шымкентте де ашылады
Алматыда студенттік жатақханалар құрылысының жобалық кеңсесі ашылды
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі 04.03.2023 01:30 828

Алматыда студенттік жатақханалар құрылысының жобалық кеңсесі ашылды, деп хабарлайды El.kz Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомство басшысы Саясат Нұрбек пен Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Осы құжат аясында Студенттік жатақханалар құрылысының жобалық офисі өз жұмысын бастайды. 

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біз студенттер үшін жатақханалар салу жұмысын бастап кеттік. Бүгін халық ең тығыз орналасқан қала – Алматыда жобалық кеңсе өз есігін ашты. Енді осындай кеңселерді жатақханаларға қажеттілік бар басқа қалаларда, атап өтсем, Астана, Ақтөбе және Шымкентте ашуды жоспарлап отырмыз, - деді министр.

Жобалық кеңсенің негізгі міндеті – Алматы қаласының аумағында жатақханалар салу және студенттерді тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау. Атап айтқанда, қала әкімдігі мен Қаржы орталығы тарапынан тұрғын үй салуға мүдделі жоғары оқу орындары мен әлеуетті инвесторларға жедел заңгерлік, консультациялық және сараптамалық қолдау көрсету болады. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға