Жаңалықтар

Алматыда студенттік жатақханалар құрылысына инвестиция салу мәселесі талқыланды

Алматы қаласы үшін жыл сайынғы тапсырыс мөлшері: жаңа жатақхана құрылысы кезінде – 144 АЕК, қолданыстағы ғимаратты жатақхана етіп қайта жаңарту кезінде – бір студентке 92 АЕК құрайды
Алматыда студенттік жатақханалар құрылысына инвестиция салу мәселесі талқыланды
Фото: mnews.kz 22.09.2022 10:34 1687

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында Ғылым және жоғары білім министрлігі Алматы қаласының әкімдігімен және «Қаржы орталығы» АҚ-мен бірлесіп, студенттік жатақханалар құрылысына инвестиция салу мәселесін талқылау үшін кәсіпкерлермен кездесу ұйымдастырды, деп хабарлайды El.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осылайша, кәсіпкерлерге шарттар жасасу рәсімі, мемлекеттік тапсырысты орналастыру тәртібі, инвестициялық ынтымақтастық шеңберінде төлемдердің сомалары мен мерзімдері түсіндірілді.Сондай-ақ жаңа жатақханалар құрылысына жер учаскелерінің нысаналы мақсатын алу және өзгерту рәсімі туралы ақпарат ұсынылды.

Бұдан басқа, кәсіпкерлер әлеуетті инвесторлар үшін, оның ішінде тұрақты табысқа кепілдік беру бөлігінде бүгінгі күні қолданыстағы мемлекеттік қолдау шаралары туралы хабардар етілді. Жатақхана пайдалануға берілгеннен кейін мемлекет студенттерді орналастыруға мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыратын болады. Алматы қаласы үшін жыл сайынғы тапсырыс мөлшері: жаңа жатақхана құрылысы кезінде – 144 АЕК, қолданыстағы ғимаратты жатақхана етіп қайта жаңарту кезінде – бір студентке 92 АЕК құрайды. Бұл ретте мемлекеттік тапсырыс 8 жыл мерзімге орналастырылады. Бұдан басқа, ғимараттың нысаналы мақсатта пайдаланылуына 20 жылға ауыртпалық тіркеледі.

Кездесуде жаңа жатақханалар салу үшін мемлекеттік тапсырыс көлемін 122 АЕК-тен 195 АЕК-ке (Алматы қаласы үшін 144 АЕК-тен 230 АЕК-ке дейін) арттыру, тапсырысты орналастыру мерзімін 8 жылдан 6 жылға дейін қысқартумәселелері қарастырылып жатқаны, сондай-ақ 6 жыл өткеннен кейін инвесторға келесі 14 жылда студенттердің жатақханаларда тұруы үшін операциялық шығындары мемлекет тарапынан өтелетіні жайлы айтылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға