Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда Спорт күні тойланды

Алматыдағы Орталық стадион алдындағы алаңда еліміздің басты спорт мерекесі —  Спорт күні атап өтілді. Қала тұрғындары шеберлік дәрістеріне, турнирлерге қатысып, спортшылармен кездесті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Қала әкімдігінің мәліметінше, фестивальдің салтанатты сәті марапаттау рәсімі болды. Спорт ардагерлері, спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына марапаттар мен Алғыс хаттар табысталды.

Қала әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбеков қатысушыларды құттықтап, спорттың қоғамдағы маңызына тоқталды.

Мемлекет өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына барлық жағдай жасап отыр, ал спорт бұл істе маңызды рөл атқарады. Алматы еліміздің спорттық орталығы ретінде үлкен әлеуетке ие, — деді ол.