Видеодан кадр

Алматыда соғыс ардагерлерінің 8 аллеясы ашылды

08.05.2025 19:00

Алматыда Жеңістің 80 жылдығына орай «Таза Қазақстан» бағдарламасы мен «Алматы – біздің ортақ үйіміз» акциясы аясында қаланың барлық ауданында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің аллеясы ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қала әкімдігінің мәліметінше, орталық іс-шара 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта өтті. Оған Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев, ардагерлер, олардың отбасылары және қала тұрғындары қатысты.

Саябақта биіктігі 6 метр болатын 29 жөке ағашы отырғызылды. Әр ағашта майдангерге арналған аты жазылған тақтайша бар. Жөке ағашы ұзақ өмірдің, төзімділіктің және есте сақтаудың символы ретінде таңдалған. Жалпы қала бойынша 200 осындай ағаш отырғызылды.

Акция – батырлардың ерлігіне деген құрметтің белгісі және тарихи жадты сақтау жолындағы үлес. Жаңа аллеялар тұрғындар балалары мен немерелерімен келіп, ұлы Жеңіс туралы естелікті келер ұрпаққа жеткізе алатын орынға айналмақ.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ALMATY ÁKIMDIGI (@akimat_almaty)