Жаңалықтар

Алматыда, Шымкентте және Түркістан облысында қылмыстық топтың мүшелері ұсталды

Алматыда, Шымкентте және Түркістан облысында қылмыстық топтың мүшелері ұсталды
Фото: Видеодан кадр 18.06.2024 17:28 682

ІІМ Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, Бас прокуратураның үйлестіруімен қылмыстық топтарды жою бойынша арнайы жұмысты жалғастырып жатыр, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

17 маусым күні Алматы, Шымкент қалаларында және Түркістан облысында ауыр қылмыстар жасаған, соның ішінде кәсіпкерлерді бопсалады деп күдікке ілінген қылмыстық топтың мүшелерін ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілді.

Топ мүшелерінің “қаңтар оқиғасының” белсенді қатысушыларымен байланысы бар екендігі анықталды. Полицияға 20 күдікті жеткізілді. 40-тан астам іздестіру шаралары өткізілді. Атыс және травматикалық қару, есірткі мен оқ-дәрі тәркіленді.

Тергеу Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша жүргізілуде. Тергеу мүддесінде өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға