Алматыда шатқалдың 8 гектар аумағында құрғақ шөп жанып жатыр
25.07.2025 21:03
Фото:
ТЖМ
Алматы облысы Қарасай ауданындағы Орта Қырғауылды шатқалында құрғақ шөп жанды. Қызыл жалын шамамен 8 гектар аумақты алған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Оқиға орнына дереу жеткен төтеншеліктер өртті оқшаулап үлгерді. Өртті сөндіру жұмыстары қиын таулы жер бедерімен, тік көтерілулермен және өрт ошағына апаратын жолдардың болмауымен күрделене түскен. Барлық жұмыстар жаяу жүргізілген. Өрттен зардап шеккендер жоқ.
Қызыл жалынды сөндіруге Алматы облысы мен Алматы қаласының ТЖД, орман шаруашылығы және жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары жұмылдырылды. Барлығы шамамен 120 адам мен 25 техника тартылды. Жағдай ТЖМ бақылауында.
Ведомство елдімекендерге қауіптің жоқтығын атап өтті.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

