Жаңалықтар

Алматыда Шаляпин көшесінде орташа жөндеу жұмыстары басталады

Алматыда Шаляпин көшесінде орташа жөндеу жұмыстары басталады
Фото: Алматы қалалық әкімдігі 18.08.2023 18:25 1092

Жол жабыны жағдайын зерттеу қорытындысына сәйкес биылғы жоспарға Шаляпин көшесінің Береговой көшесінен Әшімов көшесіне дейінгі ұзындығы 4 шақырым бөлігін қосу туралы шешім қабылданған болатын. Жөндеу жұмыстарын 31 тамызға дейін аяқтау жоспарланған. Бұл туралы Алматы қалалық әкімдігіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. 

18 тамыз сағ.23:00-ден 20 тамыз 06:00-ге дейін полимерлі асфальтбетон жабынын төсеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Шаляпин көшесінің Әшімов көшесінен Яссауи көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы толығымен уақытша шектеледі.

Жол жөндеу жұмыстары жайлы соңғы жаңалықтар қала әкімдігі мен қалалық мобилділік басқармасының ресми парақшаларында, Almaty_Joly телеграм арнасында, сонымен қатар, 2ГИС және Яндекс карта қосымшаларында жазылған.

Жол жөндеу жұмыстары 2023 жылға жоспарланған жұмыстар аясында жүргізіліп отыр.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз. Бұл қала жолдарын ұзақ уақыт пайдалануға қажетті шара, - делінген мәліметте.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға