Алматыда шахматтан балалар арасындағы әлем чемпионаты басталды
20.09.2025 09:13
Фото:
Алматы қаласының әкімдігі
Алматыда шахматтан Балалар арасындағы әлем чемпионаты басталды. Қала рекордтық көрсеткішпен – 88 елден келген 851 жас шахматшыны қабылдап отыр. Оның ішінде 231 қазақстандық, соның 47-сі – алматылықтар, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл – 8, 10 және 12 жасқа дейінгі балалар арасында өтетін шахмат әлеміндегі ең ауқымды әрі беделді жарыстардың бірі – FIDE World Cadet Chess Championships 2025.
Ашылу салтанаты Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтті. Оған ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ермек Көшербаев, Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды, ФИДЕ президенті Аркадий Дворкович және өзге де қонақтар қатысты.
Алматы әкімі мұндай ірі турнирдің өтуі қала мен ел үшін үлкен мәртебе екенін атап өтті. Алматы интеллектуалды жеңістердің, достық пен мәдениеттің орталығына айналуда.
Алматы әкімі мұндай ірі турнирдің өтуі қала мен ел үшін үлкен мәртебе екенін атап өтті. Алматы интеллектуалды жеңістердің, достық пен мәдениеттің орталығына айналуда.
Чемпионат 30 қыркүйекке дейін жалғасады. Жеңімпаздар алты жас санатында анықталмақ. Бағдарламада – 11 тур ойын, экскурсиялар, мәдени іс-шаралар және Satbayev University-де өтетін «Шахматтың білім берудегі орны» атты конференциясы бар.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

