©El.kz/Арман МУХАТОВ

Алматыда самокатшылар 12 мың рет тәртіп бұзған

Бір тәуліктің ішінде полиция ережені елемейтін мыңнан аса самокатшыны анықтады. Бұл туралы kolesa.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.

Ресми дерек бойынша, биыл жыл басынан бері Алматыда электрсамокат жүргізушілері 11 922 мәрте ереже бұзған. Яғни айына мыңға жуық, күніне 33 рет осындай оқиға тіркеледі.

2 қыркүйекте оңтүстік астанада полицейлер тәртіпке бағынбаған 1076 самокатшыны анықтады. Атап айтқанда, бес адам самокатпен бала тасыған, сондай-ақ қараусыз қалған 69 электрсамокат айыптұраққа аттанды.

Полицейлер кез келген уақытта қалада тексеріс жүргізе алады. Кикшеринг компаниялардың бірі оларға 50 электрсамокат пен шлемді тегін беруге уәде етіп отыр.