Алматы әкімдігінің ақпаратынша, қабір шұңқырынан алтынмен безендірілген қылыштың сынықтары, киімге арналған аң бейнесіндегі алтыннан жасалған жапсырмалар, сондай-ақ киімге арналған күміс қорытпасынан жасалған бұйымдар табылды.
Жауынгердің сүйектері 3 метрден астам тереңдікте орналасқан ағаш қорапта жатқан.
"Қазба жұмыстары жыл сайын жүргізіледі, бірақ мұндай сәтті олжалар сирек кездеседі. Соңғы рет 2014 жылы киімнің алтын бұйымдары табылған еді", - деді Алматы қаласы мұражайлар бірлестігінің директоры Ләззат Сағындықова.
Аталған мекеме қалалық мәдениет басқармасының тапсырысымен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді.