Жаңалықтар

Алматыда қызылша жұқтырғандардың саны артқан

Алматыда қызылша жұқтырғандардың саны артқан
Фото: ©El.kz/Александр ПАВСКИЙ 08.09.2023 17:19 747

Алматы қаласында жыл басынан бері 1217 адам қызылшамен тіркелген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Денсауық сақтау министрлігінің мәліметінше, еліміз бойынша жыл басынан бері 4825 адам қызылша жұқтырған.

Ауырғандардың көбі бала. Науқастардың дені, ауруға қарсы екпе салдырмаған. Астана, Шымкен қалалары мен Жамбыл және Алматы облыстарында да, осы ауру дендеп тұр.

Қызылша жылдам таралатын дерт. Ол миға, тыныс алу жолдары мен, өкпеге қатты зақым келтіреді. Мамандар қызылшаның жалғыз емі, вакцина екенін айтып отыр.

Қазіргі жағдай біздің Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлем бойынша қызылша ауруының өршігені байқалады. Күнтізбе бойынша бір жас және мектепке баратын алты жасында осы қызылшаға қарсы вакцина алуы керек. Егер 10 адамның ішінде 9 адам 90 пайызы вакцина алмаған болса ауырады, дейді Жұқпалы аурулардың алдын алу департаментінің бас маманы Әсемгүл Абатова.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға