Алматыда құйылған бетон шығаратын зауыт ашылды
20.09.2024 02:21
Фото:
Алматы қаласы әкімдігі
Алматыда «ЛМБ 2022» құйылған модификацияланған бетон шығаратын жаңа зауыт ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кәсіпорын Жетісу ауданында орналасқан және 100-ден астам адамды жұмыспен қамтитын болады. Жаңа технология күрделі архитектуралық пішінді құрылымдар үшін бетон өндіруге мүмкіндік береді, бұл құрылыс қуатын едәуір кеңейтеді.
Аудан әкімі Ләззат Жылқыбаеваның айтуынша, биыл ауданда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 5% — ға өсіп, 174 млрд теңгеге жетті. Жаңа зауыт экономиканың одан әрі өсуіне зор үлес қосады деп күтілуде.
Зауыт жоғары сапалы бетондар шығару және жылына 100 мың м3 қуатқа қол жеткізуді жоспарлап отыр.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

