Жаңалықтар

Алматыда қуыршақтар шеруі өтті

Алматыда қуыршақтар шеруі өтті
Фото: Видеодан кадр 16.09.2024 01:29 291

Алматыда қала күніне орай Абай алаңы мен Тұңғыш президент саябағында қуыршақтар шеруі өтті. Ертегі кейіпкерлері тұрғындар мен қонақтарға ерекше әсер сыйлады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.   

Мереке аясында Алматы мемлекеттік қуыршақ театрының бойтұмары болып табылатын «Қуыршақ думан» атты ерекше концерттік қойылым көпшілік назарына ұсынылды. Қойылымда Роза Бағланова, Майкл Джексон және Фаррух Закиров сынды танымал тұлғалардың бейнесіндегі қуыршақтар өнер көрсетіп, халықты тамсандырды. Сонымен қатар  негізгі мерекелік орындарда қуыршақ жасау шеберлерінің қатысуымен «Өнер бесігі – Алматы» атты қуыршақ жасау және басқару бойынша танымдық шеберлік сағаттар өткізілді.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от МЕМЛЕКЕТТІК ҚУЫРШАҚ ТЕАТРЫ🎭 (@kuyrshak_teatry)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға