Жаңалықтар

Алматыда құрылыстың сейсмикалық төзімділігіне қойылатын талаптар күшейтіледі

Алматыда құрылыстың сейсмикалық төзімділігіне қойылатын талаптар күшейтіледі
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі 24.02.2023 14:52 847

Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесуде Ерболат Досаев Мемлекет басшысының Алматыда құрылыстың сейсмикалық төзімділігіне қатысты талаптарды күшейтуді қолдайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Алматы қаласы әкімдігіне сілтеме жасап.

«Кеше Мемлекет басшысымен кездесуімде ол «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» заңы арқылы құрылыс пен жер сілкінісіне төзімділікке байланысты талаптарды күшейтуді мақұлдады. Көктемгі сессияда бұл жұмысты бастаймыз деп ойлаймын, мәслихат депутаттары бізді қолдайды және бізде арнайы стандарттар бойынша қажетті нәрсені қала өзі бақылайтын ерекше жағдайлар болады. Бұл нормалар енгізіліп, күзден бастап жұмыс істейді деп сенемін», - деді қала әкімі Ерболат Досаев. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға