Алматыда құрсақтағы сәбилерге операция жасалды
Оқыту тренингі шеңберінде Алматы қаласындағы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының дәрігерлерімен бірлесіп, егіздерге жүкті, ұрықтың патологиясы диагнозы қойылған 5 әйелге тамырлы анастомоздарды лазерлік коагуляциялау бойынша бес бірегей операция сәтті жасалдыі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Хирургтар 20, 21, 27-ші аптада болашақ сәбилердің өмірін сақтау үшін құрсақішілік бірегей операциялар жасады.
Операцияларға Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің В. И. Кулаков атындағы Акушерлік, гинекология және перинатология ұлттық медициналық зерттеу орталығының ультрадыбыстық және функционалдық диагностика бөлімінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, ана мен ұрық медицинасы қоғамының мүшесі (SMFM, АҚШ) Кирилл Витальевич Костюков қатысты.
Феталдық медицина (ұрық хирургиясы) – бұл құрсақтағы ұрық емделетін жоғары мамандандырылған медицина саласы.
Ұрық хирургиясы ұрықтың ерте патологиялық жағдайларын аз инвазивті емшаралармүен түзетуге және емдеуге мүмкіндік беретін инновациялық технологияларға негізделген, бұл анаға сау бала туып, бақытты ана болуға мүмкіндік береді.
Феталдық хирургия бойынша мпастер-класс 2024 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, Алматы қаласы әкімдігінің және «Аяла» қайырымдылық қорының қолдауымен Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының базасында өтті.