Алматы жастарының бастамасымен еліміздің өңірлерінен және ауылдан алғаш рет келген жастарға көмек қолын ұсынатын «Қош келдің, студент!» жаңа жобасы жалғасуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жаңа қалаға келген студенттерге алматылық жастар:
- жатақханаға орналасуға көмектеседі;
- білім беру бағдарламалары мен оқу ғимараттарымен танысуға көмектеседі;
- қолжетімді тамақтану орындарын таныстырады;
- қаланың көркем жерлері мен мұражайларын көрсетеді.
«Қош келдің, студент!» Алматы қаласының білім беру ортасындағы әлеуметтік ахуалды жақсарту жолындағы маңызды қадам және студенттер арасындағы мәдени алмасу мен өзара түсіністікті дамытуға ықпал ететін студенттер жобасы.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

