Жаңалықтар

Алматыда қоқыс арасынан жаңа туған сәбидің денесі табылды

Алматыда қоқыс арасынан жаңа туған сәбидің денесі табылды
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney 15.07.2024 15:30 975

Алматыда қоқыс арасынан пакетке салынған сәбидің денесі табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

14 шілдеде «Green Recycle» ЖШС зауытында қоқыс сұрыптау кезінде конвейер желісінде зауыт жұмысшылары қоқыс дорбасына оралған баланың денесін тапты.

Алматы полиция департаменті ақпаратты растады.

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Баланың анасының жеке басы және басқа да жағдайлар анықталып жатыр. Сараптама тағайындалды, - деп хабарлады ведомство. 

Бұған дейін 34 жастағы әйел баласын өлтіріп, мәйітін чемоданға салып, қоқыс жәшігінің жанына тастап кеткенін хабарлаған едік.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға