Алматыда қоғамдық көліктер Наурыз мерекесіне орай безендірілді
20.03.2025 23:10
Фото:
instagram.com/akimat_almaty
Алматыда Наурыз мейрамына орай қоғамдық көліктер мерекелік элементтермен безендірілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
20 наурыз бен 22 сәуір аралығында қала көшелерінде Наурыздың дәстүрі мен рухын бейнелейтін 90 автобус және 10 троллейбус жүреді.
«Алматыэлектротранс» ЖШС мәліметінше, қоғамдық көліктер ұлттық ою-өрнектермен және табиғаттың жаңаруы мен көктемгі оянуды бейнелейтін суреттермен безендірілген.
Безендірілген көліктер жолда мерекелік атмосфера құрып, қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл-күй сыйлайтын болады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

