Алматыда қатты жел ағаштарды құлатып, шатырларды ұшып әкетті
07.04.2025 22:33
Фото:
Видеодан кадр
Алматыда ауа райы күрт өзгеріп, шатырларды ұшып әкетті. Сонымен қатар ағаштар құлап, көліктер астында қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шаһардағы қолайсыз ауа райынан кейінгі қала көрінісінің видеолары әлеуметтік желіде тарады. Онда көпқабатты тұрғын үйлер шатырды ұшып кетіп, ағаштар аула мен көліктерге құлағанын байқауға болады.
Айта кетсек, Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті 8 сәуірге қараған түні найзағай ойнап, желдің екпіні 18 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін екенін ескерткен болатын. Осыған байланысты қала тұрғындарына құлап кету қаупі бар әлсіз құрылымдардан аулақ жүруге, ағаштардың астына көлік қоймауға және барынша сақ болуға кеңес беріледі.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

