Алматыда қатерлі ісікке шалдыққан науқастардың саны артқан
Алматы онкологиялық орталығында алты ай ішінде 10 мыңнан астам науқас емделді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматы қалалық онкологиялық орталықтың директоры Нұрсұлтан Ізмағамбетовтың айтуынша, Алматы онкологиялық орталығында емделетін науқас саны жыл санап артып келеді.
Оқи отырыңыз:
- «Сен биіксің, ұмытпа»: Қайрат Нұртастың анасы ұлына өсиет айтты
- Жеті баласы бар отбасы 100 мың теңгеге жуық жәрдемақы алады
2016 жылы емделген науқастардың санына биыл алты айда жетіп отырмыз. Алты ай ішінде АОО хирургиялық бөлімшелерінде 1 300-ден астам хирургиялық араласу жасалды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 95 есе көп. Химиотерапиялық ем алған науқас саны 8 372-ге өскен (2022 жылы – 7810 болды). Сәулелік терапия бөлімінде 523 онкологиялық науқасқа 9632 сәулелік терапия сеансы жүргізілді. Амбулаторлық химиотерапия кабинеті жағдайында бірінші жартыжылдықта 4765 науқас амбулаторлық ем алды. Қатерлі ісікке күдікті және онкологиялық науқастарға 260 мыңнан астам диагностикалық зерттеу, атап айтқанда, КТ, МРТ, эндоскопиялық зерттеу, УДЗ, цитологиялық зерттеулер және т.б. жүргізілді. Өткен жылы 215 000-ға жуық болды, - дейді Нұрсұлтан Ізмағамбетов.
Сондай-ақ 2694 науқас анықталып, есепке алынған, 2022 жылдың 6 айында – 2363 науқас болды. Қатерлі ісік ішінде сүт безі обыры бірінші, тоқ ішек ісігі екінші, өкпе қатерлі ісігі үшінші, асқазан обыры төртінші орында.
Жалпы бүгінде Алматы онкологиялық орталығында 30 699 онкологиялық науқас есепте тұр (2022 ж. 6 айда – 28 415), өсім – 8 пайыз. Қазақстанның басқа өңірлерінен пациенттердің Алматыға келіп, қалалық онкологиялық орталық жағдайында жоғары сапалы медициналық көмек алып, стационар жағдайында амбулаториялық-емханалық дәрі-дәрмекпен үздіксіз толық қамтамасыз етіліп жатыр. Тек жыл басынан бері еліміздің өзге өңірлерінен 420 науқас Алматы қаласына ауыстырылған. Өкінішке қарай, әрбір бесінші науқас аурудың асқынған сатысымен есепке алынады. Бұл ретте қатерлі ісік ауруын ерте анықтау өмірді сақтайтынын тағы бір еске салғым келеді, - деді Алматы қалалық онкологиялық орталықтың директоры Нұрсұлтан Ізмағамбетов.
Еске сала кетейік, Алматы облысындағы көп қабатты үйлердің бірінде газ балоны жарылып, өрт шыққанын хабарлаған болатынбыз.
Одан бөлек, Алматыда бір топ адам жалған ақша сатпақ болғаны белгілі болды.