Жаңалықтар

Алматыда қаржы пирамидасын құрған үш азамат 5 жылға сотталды

Алматыда қаржы пирамидасын құрған үш азамат 5 жылға сотталды
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 31.05.2024 00:37 515

Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында қаржы пирамидасын құрды және оны басқарды деп айыпталған А., К., С.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Сотпен анықталғаны, сотталушылар шетелдік азаматтармен сөз байласып (оларға қатысты қылмыстық іс бөлек өндіріске бөлінген) болашақ инвесторларға ақша операцияларын бақылай алатындай интернет-платформасын құрды.

Клиенттер әлеуметтік желілерде жарнамалау, кітапшаларды тарату, онлайн тренингтер өткізу, инвестициялық компания ретінде жобасын позициялау және әрбір инвесторға салынған соманың 5-тен 15%-ке дейін ай сайын алатынына уәде беру арқылы тартылған.

Бірақ, оқиға баналдық болып шықты - қаржылық пирамида стандартты жүйеде айналды: бұрынғы инвесторлар дивидендтерді кейінгілердің есебінен алды. Алаяқтық барысында 13 адамға жалпы сомасы 59 894 237 теңге материалдық шығын келтірілген.

Сотталушылар кінәларын мойындамады. Жәбірленушілердің кейбірі сотталушыларға материалдық талаптары жоқтығын айтса, төртеуі соттан материалдық шығынды өндіруді сұрады. Прокурор сотталушыларды 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруды сұрады.

Сот үкімімен А., К., С. қаржы пирамидасын құру және басқару бойынша кінәлі деп танылып, жәбірленушілердің азаматтық талаптарын қанағаттандыра отырып, 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталушылар үшін жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар болып, сотталушы А.-ның жас баласының болуы, сотталушы К.-ның егде жасы және барлық сотталушылардың соттылығының болмауы танылды.
Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

Сот тәжірибесі көрсетіп отырғандай, қаржы пирамидалары оңай табыс пен жылдам ақшаға сенетін азаматтар бар болғанша кезде жоғалмайды. Оқиғаларға қатысу тәуекелдері көбінесе, сот процестеріне, стресске және жоғалған ақшаға әкеледі.

Мұндай жағдайлар халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру қажеттігін көрсетеді, өйткені білім мен сыни тұрғыдан ойлау қабылеттері кезекті осындай алаяқтардың қармақтарына түсіп қалмауға мүмкіндік береді7
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға