Жаңалықтар

Алматыда қарақшылық шабуыл жасаған Тәжікстан азаматтары қолға түсті

Алматыда қарақшылық шабуыл жасаған Тәжікстан азаматтары қолға түсті
Фото: © Polisia.kz 11.08.2023 12:49 1126

Алматыда қарақшылық шабуыл жасаған Тәжікстан азаматтары қолға түсті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Тәжікстан азаматтары алтын бұйымдар мен ұялы телефон тонады деген күдікке ілінді. Үш ер адам жас келіншектің пәтеріне кіріп, мүлкін тартып алған.

Жәбірленуші үйде болған. Таңертеңгі сағат 10:00 шамасында бетперде мен бас киім және қара спорттық киім киген үш жігіт пәтердің ашық тұрған есігіне кіріп келген. Олар күш қолданамыз деп қорқытып, алтын бұйымдар мен IPhone 11 маркалы телефонын тартып алған. Айтпақшы, қыз шабуыл жасаушылардың бірінен анасының танысын таныған. Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктілер ұсталды. Олар 28, 27 және 31 жастағы Тәжікстан азаматтары. Сондай-ақ күдіктілер қылмыс орнына Lada Priora көлігімен келгені анықталды. Ұрланған заттар тәркіленіп, заттай айғақ ретінде іс материалдарына тіркелді. Ұсталғандар қамауға алынды, – деді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов.

Тергеу қарақшылық шабуылға басқа күдіктілердің де қатысы барын жоққа шығармайды. Олардың жеке басы анықталып жатыр. Қамауға алу шаралары жүргізіліп жатыр.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға