Жаңалықтар

Алматыда «Қара шаңырақ – 2023» жаңа қойылымдар фестивалі басталды

Алматыда «Қара шаңырақ – 2023» жаңа қойылымдар фестивалі басталды
Фото: gov.kz 20.12.2023 02:33 985

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында Қазақстанның Халық артисі Бикен Римованың 100 жылдығына арналған «Қара шаңырақ – 2023» атты жаңа қойылымдар фестивалі өтуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бес күн ішінде Алматы тұрғындары мен қонақтары жеті қойылымды, соның ішінде Ш. Айтматовтың «Кассандра таңбасы»" футуристік трагедиясын, М. Әуезовтің «Еңлік-Кебек» трагедиясын, «Құйын» драмасын, М. Задорновтың «Күйеуіңізді сатыңызшы» комедиясын, Ж.Коктоның «Дауыс» монооперасын, Д.Л.Кобурнның «Ойыннан от шығар...» трагикомедиясын, сондай-ақ «Жан әке» драмасын тамашалай алады.

Фестиваль жаңа қойылымдардың шығармашылық сапасын, актерлердің жұмысын анықтауға, шығармашылық құрамға жаңа серпін беріп, көрермен мен театр арасындағы байланысты нығайтуға мүмкіндік береді.

Әртүрлі номинациялар бойынша жеңімпаздар 26 желтоқсанда жарияланады.

Фестиваль аясында Қазақстанның халық артисі Бикен Римованың өмірі мен шығармашылығы туралы фотоальбомның тұсаукесері өтеді және театр мұражайы ұйымдастырған көрме ашылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға