Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда қала күнінде 69 сәби дүниеге келді

22.09.2025 21:33

Қала күнінде Алматы перзентханаларында 69 сәби дүниеге келді, оның 32-сі ұл және 37-сі қыз бала, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Қаланың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы өмірге келген барлық нәресте мен олардың аналарының жағдайы жақсы деп отыр. 

Бұл күн ондаған отбасы үшін ерекше сый болды. Сәбилі болған отбасылар сүйікті қаланың туған күнімен қатар перзентінің дүниеге келгенін тойлады.

Енді бұл мереке біздің әулет үшін ең басты күнге айналды. Қызымыздың туған күнін бұдан былай алматылықтармен бірге тойлаймыз, – деді сәбилі болған аналардың бірі. 

Қала күнінде қалалық перинаталдық орталықта үшем дүниеге келді. Салмағы - 1968 грамм, бойы - 42 сантиметр ұл бала, ал қалған екеуі қыз бала: бірінің салмағы - 1648 грамм, бойы - 40 сантиметр, екіншісінің салмағы - 1699 грамм, бойы - 41 сантиметр. Отбасы «Аңсаған сәби» мемлекеттік қолдау бағдарламасына жүгінген.

Дәрігерлердің шешімімен анасы 32-аптада шұғыл түрде босанды.Үшемнің анасы - 30 жаста.

Таңғы төрт шамасында перинаталдық орталықтың білікті мамандары тез арада жұмылып, ота сәтті өтті. Кесарь тілігі арқылы дүниеге келген сәттен бастап нәрестелерге жедел көмек көрсетіліп, жансақтаудан соң патология бөліміне ауыстырылды,-делінген қала әкімдігі хабарламасында.