istockphoto.com

Алматыда пойыз үстіне шығып кеткен бала токқа түсті

Алматыда жасөспірім бала пойыз төбесіне шығып кетіп, токқа түсті. Оқиға 19 шілдеде сағат 18:55-те Алматы-2 станциясында болған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. 

ҚТЖ мәліметінше, 15 жасар бала тірі қалды, бірақ денесін күйік шалған. Оған дереу медициналық көмек көрсетілді.

Оқиға бойынша қызметтік тергеу жүргізілуде.