Алматыда полиция қалта ұрыларын ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Наурызбай аудандық полицейлері Тараздан келген 31 жастағы азаматты ұстады. Қылмыстық іс бойынша, дүкеннің кіреберісінде қызды тонап кеткен.
Бұл деректі азық-түлік дүкенінің кіреберісіне орнатылған бейнебақылау камерасы түсіріп алған. Күдіктілердің бірі қыздың күртесінің қалтасынан телефонын ұрлап кеткен. Қылмыстың екінші сыбайласы болса, “әріптесін” сақтандырып тұрған. Екі күдікті де ұсталып, уақытша ұстау изоляторына орналастырылды, – деді Наурызбай аудандық полиция басқармасының бастығы Дидар Жақыпбаев.
Олардың ұрланған мобильді құрылғыны бірден ломбардқа тапсырғандығы белгілі болды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

