Жаңалықтар

Алматыда полиция пәтерлердің бірінен АТС тапты

Алматыда полиция пәтерлердің бірінен АТС тапты
Фото: polisia.kz 14.08.2024 10:58 552

Алматыда полиция пәтерлердің бірінен АТС тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Аntifraud» арнайы іс-шарасын Алматы қалалық криминалдық полицияның «Cyberpol» қызметкерлері ҚР ІІМ Киберқылмысқа қарсы күрес орталығымен бірлесіп жүргізді. Павлодардан келген 30 жастағы азамат ұсталды, оның жалға алынған кеңсесінен SIM-картаға арналған 512 слоты бар SIM-box жабдығы, сондай-ақ 1620 SIM-карта табылып, тәркіленді.

Тәркіленген заттар арқылы интернет-алаяқтар әртүрлі интернет қызметтер мен мессенджерлерді жасырын пайдаланады. Сонымен қатар ол аккаунтарды тіркеуге қолданылады, алаяқтар басқа елде бола тұра қазақстандықтарға қоңырау шала алады. Ұсталған азамат осы жабдықты орнату және қосу, сондай-ақ слоттардағы SIM-карталарды ауыстырудан тұратын жұмысқа келіскенін айтты. Күдіктінің сөздері ҚР ҚК-нің 213-бабы бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында мұқият тексерілетін болады, – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Мақсат Қанапяев.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға