Жаңалықтар

Алматыда полиция көлігі жол апатына ұшырады

Алматыда полиция көлігі жол апатына ұшырады
Фото: t.me/kris_p_almaty_official 15.01.2024 04:31 3531

Алматыда әл-Фараби даңғылында патрульдік көлік жол апатына ұшырады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Kazinform-ға сілтеме жасап.

Желіде апат орнынан түсірілген бейнежазба тарады. Полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 14 қаңтар күні сағат 16:10-да болған.

«Toyota» автокөлігінің жүргізушісі әл-Фараби даңғылымен батыс бағытта келе жатып, Достық даңғылының қиылысында есінен танып қалып, Достық даңғылының бойымен оңтүстік бағытта келе жатқан автобуспен соқтығысқан. Одан әрі Toyota инерциямен жол бойында тұрған «Chevrolet» патрульдік көлігіне соғылды», - деп хабарлады қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Зардап шеккен екі адамға – Toyota жүргізушісі мен полиция қызметкеріне медициналық көмек көрсетілді. Басқа мән-жайлар анықталып жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға