Жаңалықтар

Алматыда Павлодар көшесінің бір бөлігінде қозғалысты шектеу 26 тамызға дейін ұзартылды

Алматыда Павлодар көшесінің бір бөлігінде қозғалысты шектеу 26 тамызға дейін ұзартылды
Фото: t.me/AlmatyJoly 17.08.2024 16:35 439

Алматыда жергілікті жылу желілерін жаңғыртуға байланысты Павлодар көшесінің бір бөлігі өткен аптада түнде жабылған болатын. №136 үйден бастап Мақатаев көшесіне дейін екі бағытта қозғалысты шектеу мерзімі 26 тамыз  сағат 00:00-ге дейін ұзартылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС жаңғырту жұмыстары кезеңінде аталған тұтынушылар ыстық сумен бұрынғысынша үздіксіз қамтамасыз ете берілетін болатынын айтты.

Көрсетілген нысанда құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізетін мердігер ұйымға жылу магистралін жаңғырту жобасын іске асырудың барлық технологиялық ерекшеліктерін сақтау үшін қосымша уақыт қажет.

Бұдан бұрын аталған аумақта көлік қозғалысы 19 тамыз күнгі 12:00-ге дейін жабылады деп хабарланған болатын.

Уақытша шектеулер осыдан 43 жыл бұрын (1981 жылы) пайдалануға берілген, ұзындығы 2 мың 135 метр болатын, аталған қала аумағының автокөлік жолы бөлігінің астынан өтетін құбырды жаңғырту учаскесінде жоспарлы жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз,-делінген мекеме хабарламасында.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға