Алматыда пәтер ұрлығымен айналысқан топ ұсталды
EL.KZ Информационно-познавательный портал
09.12.2022 17:25
Фото:
polisia.kz
Алматы облысының полицейлері пәтер ұрыларының тобын ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
1994, 1995 және 1986 жылғы күдіктілер - бұрын бірнеше рет сотталған Жамбыл ауданының тұрғындары.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша Іле ауданының Полиция басқармасында тіркелді.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталғандардың барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

