Қалалық ТЖД-ға өрт туралы хабарлама 16 мамырда сағат 12:35-те түскен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ мәліметінше, екі қабатты тұрғын үйдің төбесі және екінші қабаты өртенген.
Өрт аумағы 100 шаршы метрді құраған, қатты улы түтіннен тұрғындардың өміріне қауіп төнді. Екінші қабаттан 9 адам, оның ішінде 4 бала құтқарылды.
Сонымен қатар тағы 3 адам арнайы қалпақ арқылы, оның ішінде 1 бала эвакуацияланды. Бұдан бөлек бір газ баллоны шығарылды, - делінген мәліметте.
Өрт 20 минут ішінде жойылып, жапсарлас салынған ғимаратқа таралуына жол берілмеген. Зардап шеккен адам жоқ. Өрттің себебі анықталуда.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

